қазақша · русский · english
 
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
 
 

 

Абай атындығы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы - Республикадағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін, әдебиеттану мен филология бойынша жас ғалымдарды даярлайтын іргелі кафедраның бірі. Кафедра әдебиеттанымдық және білім берудегі зерттеулермен айналысып, мемлекетіміздің стратегиялық бағытына сай ғылыми жобаларды жүзеге асырады.

 

Кафедра көшпенділер мәдениетінің көркем әдебиеттегі көрінісін, әдебиетін жаңа бағытта оқытудың өзекті мәселелері аясында ғылыми еңбектер жариялауда.

 

Кафедра классикалық, модернистік, постмодернистік әдебиет мәселелерін ұлттық құндылықтармен байланыста зерттеуді басшылыққа алады.

 

Кафедраның ғылыми әлеуеті - 78%.

 

Ғылыми-зерттеу бағыттары:

-қазақ филологиясындағы ұлттық мәдени код және білім берудегі жаңашылдықтар;
- қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу;
- қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары;
- Функционалды сауаттылық: оқу және жазу сауаттылығы.


Кафедра төмендегі шетелдік ЖОО-ның ғалымдарымен және отандық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

 

Шетелдік ЖОО:

- Эге университеті (Түркия);
- Фырат университеті (Түркия);
- Стамбул университеті (Түркия);
- Гази университеті (Түркия);
- Мугла Сыткы Кочман (Түркия);
- Азербайжан мемлекеттік педагогикалық университі;
- Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті;

 

Отандық ғылыми мекемелер:

- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты;

- А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты;
- Білім мазмұнын дамыту институты;

- Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.


Отандық ЖОО:

- Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және т.б.


Кафедра соңғы бес жылда 50-ге тарта ғылыми монографиялар мен оқулықтар, оқу құралдарын шығарады. Мектепке арналған оқулықтарды дайындауға зор үлес қосып келеді. «Ата мұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Көкжиек» баспасымен тығыз жұмыс жасап, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындайды. Алыс, жақын шетелдегі және отандық ғылыми конференцияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналдарға, Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген жетекші ғылыми журналдарда жыл сайын 100-ден аса ғылыми мақала жариялап келеді.

 

Кафедра «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті», «8D02305-Әдебиеттану» мамандықтары бойынша докторанттарға жетекшілік жасап, әрбір оқу жылында 2-3 PhD докторын дайындайды.