қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.09.2023

Ғылыми тәлімгерлік Кембридж университетінің дәстүрі ретінде

 

2023 жылдың 31 тамызында ЖТН АР14872311 «Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» жобасының командасы зерттеулер негізінде тәжірибені өзгерту және инновацияларды енгізу мәселесі бойынша кәсіби білім беру саласында ғылыми тәлімгерліктен үлкен тәжірибесі бар Кембридж университетінен ментор Elaine Wilson-мен онлайн кездесу өткізді.

 

Кездесудің мақсаты - оқытушылардың жеке және кәсіби дамуында Action Research-тің артықшылықтарын талқылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жоспарлау, модельдеу және құрылымдау, Scopus базасының жоғары ғылымиметриялық көрсеткіштері бар журналдарға ғылыми мақала дайындау болды.

 

Доктор Elaine Wilson оқытушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандырудың жаңа тәсілдерін үйрену, когнитивті оқыту стратегияларын жалпылау және маңызды электрондық ресурстар туралы құнды идеялармен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=