қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.08.2023

Абай университеттің Ғылыми кітапханасы

 

Еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы да 1928 жылы құрылған. Негізгі кітап қорында Верный гимназиясынан және жеке кітап қорларынан жинақталған 40 мың дана әдебиет болған.

 

Ғылыми кітапханада әлемдік көркем әдебиеттің бай қоры және ХVІІІ-ХХ ғасырлардың басында шет тілдерінде шығарылған сирек басылымдар жинақталған. Сирек кітаптар қорында түрлі білім салалары бойынша көптеген еуропалық елдерде жарияланған әдебиеттер, көркем, ғылыми-анықтамалық басылымдар жинақталған.

 

Қазіргі таңда еліміздегі аса ірі оқу орындары кітапханалардың бірі болып саналады. Университеттің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін жетекші құрылымдық бөлімшесі. Кітап қорында университеттің білім беру бағдарламаларын толық қамтитын қазақ, орыс және шет тілдеріндегі оқу және оқу әдістемелік құралдар, ғылыми және көркем әдебиеттер мен электронды оқулықтардан құралған 2 000 000-ға жуық басылым бар.

 

Пайдаланушыларға ыңғайлы жағдай жасалған оқу залдары университеттің барлық оқу ғимараттарында орналасқан.

 

Ғылыми кітапхана «J-IRBIS» заманауи халықаралық бағдарламамен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама кітапхана қызметінің барлық салаларын қамтиды және кітапханалық процестердің барлығы автоматтандырылған.

 

Оқу залдары заманауи дербес компьютерлермен және цифрлық құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін оқырмандарға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған оқу залы жұмыс істеп тұр.

 

Пайдаланушыларға ашық қолжетімде 24/7 режимінде жұмыс істейтін электронды кітапхана ұсынылуда. Толық мәтінді мәліметтер қоры: оқулықтар мен оқу құралдарынан, білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік кешендерден (БАОӘК), авто-рефераттар мен диссертациялардан, мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. (www.library.kaznpu.kz).

 

Сонымен қатар пайдаланушыларға әлемнің цифрлық деректер базасына қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар. Олар: Oxford Scholarship Online, IPR SMART(ЭКЖ), БД РГБ , Wiley Online Library, ЭКЖ «Юрайт» Polpred.com, Springer, Elsevier (Scopus), Taylor & Francis Group, Library of Congress.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=