қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.06.2023

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің құқықтық және нормативтік базасы» тақырыбында дәрісі өтті

 

2023 жылғы 22 маусымда Абай университетінде «Педагогикалық білім берудің тұлғалық әлеуетін дамыту: қалыптасудың мән мағынасы мен тетіктерін қайта қарастыру» тақырыбында өтіп жатқан Жазғы мектеп аясында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің құқықтық және нормативтік базасы» дәрісі оқылды. Дәрісті академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова оқыды.

 

Дәріс барысында жоғары білімді трансформациялауға әсер ететін трендтер, ЖОО академиялық саясаты, академиялық процесстерді реттеу, кредиттік оқыту технологиясы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және т.б. білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті проблемалар қозғалды. Ауқымды тақырыптарды қамтыған дәріске университетіміздің құрылымдық бөлім басшылары, кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Дәріс ашық форматта жүріп, спикер мен тыңдаушылар арасында қызу пікір талас орнады.

 

Жалпы айтқанда, Жазғы мектеп барысында тыңдаушылар көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап алып, академиялық саясат бағытындағы білімдерін кеңейтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Оқытушылық шеберлік орталығы