қазақша · русский · english
 
 
 

Education management school жетекшісінің м.а. - Ходжабергенова Гульнар Махаевна

 

Education management school орталығы педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлауды, республиканың жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының, басшыларының, оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

 

Орталықтың негізгі міндеттері:

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар үшін педагогикалық қайта даярлауды (PGCE) ұйымдастыру және іске асыру;

- ЖОО оқытушылары мен орта білім беру педагогтерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын арттыру;

- республикада білім беру ұйымдарының менеджерлерін даярлау мен қайта даярлаудың тұрақты жүйесін құру;

- қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогикалық шеберлікті арттыруды ұйымдастыру;

- университеттің білім беру порталында жетекші оқытушылардың авторлық курстарын орналастыру және сүйемелдеу.

 

Орталықтың негізгі функциялары:

- біліктілікті арттыру курстарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын жүзеге асыру;

- педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы (PGCE) бойынша білім алушыларды қабылдауды, оқытуды, оқу жетістіктерін бақылауды және сертификаттауды жүзеге асыру;

- педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастыру және білім алушыларды сертификаттау үшін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын тартуды қамтамасыз ету;

- біліктілікті арттыру, педагогикалық қайта даярлау курстарының оқу процесін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, курстардың құжаттамасын жүргізу, тыңдаушыларды қабылдау және курстарды аяқтау туралы бұйрықтар шығару, сертификаттар беру ведомостарын әзірлеу, біліктілікті арттыру және педагогикалық қайта даярлау мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу;

- біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру жүйесінің порталын құруды және сүйемелдеуді қамтамасыз ету.