Негізгі бет
Жаңалықтар
07.06.2023 Польшада V Абай оқулары өтті
Семинар Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің құрметті қамқорлығы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстанның дипломатиялық корпусының өкілдері: Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінің хатшысы Ұлжан Галинова және Гданьск қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының директоры Жанна Насырова қатысты. Сондай-ақ Абай университетінің өкілдері қонақ болды, олар: профессор Бакытгүл Жұмағұлова, доцент м.а. Ақерке Іргебаева, аға оқытушы Бибіжан Абуова және студенттер.
Семинарға сонымен қатар Быдгощ қаласындағы Жоғары экономика мектебі жанындағы «Қазақ елі» қазақ мәдени орталығының атынан Шығыс университеттерімен ынтымақтастық жөніндегі декан Татьяна Скалий қатысты. Помор академиясы атынан студенттер ісі жөніндегі проректор Данута Гирчинска, ғылым жөніндегі проректор Дариуш Фичек, Филология институтының директоры Кристина Кравец-Злотковская қатысты. Кездесудің жүргізушісі және модераторы - орталықтың үйлестірушісі, флософия докторы Максим Пономаренко болды.
Ғылыми баяндамаларын Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Семей және Астана қалаларынан (Қазақстан), сондай-ақ Познань, Ольштын, Быдгощ, Щецин, Лодзь және Варшавадан келген студенттер мен оқытушылар оқыды.
Баяндамалар Абай Құнанбайұлының Семей қаласындағы поляк музейінің тақырыбын, Польшадағы қазақ әдебиеті, қазақ ақындары мен жазушыларының шығармашылығын зерттеу, оларды поляк тіліне аудару мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, қазақтардың мәдени бірегейлігі мәселелерін қозғайтын баяндамалар болды.
Талқылаулар арасындағы үзілісте семинарға қатысушылар мен қонақтар қазақ тағамдарынан дәм татып, қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын Ұлжан Қалдыбектің орындауындағы қазақтың күйі мен әнін тыңдады.
|