қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.06.2023

Қоршаған ортаны қорғау эстафетасы жалғасуда

 

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, жыл сайын 5 маусымда атап өтіледі. Бұл күнді мерекелеу әрбір адамның қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға деген құштарлығын оятуға арналған.

 

Дәл осы мақсатта Абая атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «Аяла» экоклубы құрылды, оны басқарған профессор К.Ш. Бакированың ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылына көптеген іс-шаралар, акциялар, кездесулер өтті.

 

Экология мамандығы бойынша ағымдағы оқу жылының 4 курсының дипломдық жобаларын қорғау 5 маусымға жоспарланғанының символдық мәні бар. Қорғауда студенттер (Жұмажанов А., Исақ А., Айтбекқызы А., Нұрлыбекқызы А.) өз қызметтеріне толық шолу жасап «Абай атындағы ҚазҰПУ-де Экоеріктілер қозғалысын ұйымдастыру және дамыту» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысын тамаша қорғады. Комиссия мүшелері үлкен қызығушылықпен тындап өте жоғары бағалады.

 

2023 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне 50 жыл толады. 1973 жылдан бері жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) басшылығымен өткізіліп келе жатқан іс-шара ғаламшарды қорғауға әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдар қатысатын ең үлкен жаһандық экологиялық платформаға айналды. Бұл планетада тұратын әрбір адамға табиғатты сақтаудың маңыздылығын жеткізуге арналған мереке.

 

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі барлығына да қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайын өткізілетін іс-шаралардың мақсаты - осындай маңызды және халықаралық шараның идеясын көбірек адамдарға жеткізу. Осы мақсатта дипломдық жобаларды қорғағаннан кейін «Аяла» экоклубының бас атқарушы комитеті эстафетасын 3 курс студенттеріне (Алтынбекова Айдана, Жұмағали Назерке, Қызайхан Айгерім) тапсырды, олар дипломдық жоба аясында өз қызметін болашақ 2023-2024 жж. жалғастыратын болады.

 

  alt=  

 

  alt=