Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жастар ісі жөніндегі бөлім
«Жастар ісі жөніндегі комитет» қызметі 2003 жылдың қазан айында университет ректоры Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлының бастамасымен құрылған.
Мақсаты - студенттердің бос уақытын белсенді пайдалану; бәсекеге қабілетті тұлға мен оның дамуына ықпал ету; жастардың патриоттық, шығармашылық және психологиялық потенциалдарын көрсетіп, жетілдіру; білім алушылардың қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында жан-жақты дамуы және белсенді болуы үшін жағдай жасау болып табылады.
«Жастар ісі жөніндегі комитет» басты міндеттері: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, студент жастардың әлеуметтік қорғалуын және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; - отансүйгіштік, рухани-адамгершілік университет жастарының санасына таныстыру; - құрылған мүдделер мен өзін-өзі басқару клубтарының, университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру; - студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың және діни экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру; -қоғамдық-саяси, адамгершілік, этномәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру; -студенттер арасында темекі шегуді азайту, нашақорлықпен күресу мақсатында сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу; - университеттің мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларының жоспарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау; -іс-шараларды университеттің институттары мен құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыс ұстап отырып ұйымдастыру; -студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу; -студенттерге атақты ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер өткізу; -студеттік өзін-өзі басқару ұйымдарының, студенттік кеңестер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру; -мемлекеттік жастар саясатына қатысты басшылық пен басқа да ұйымдардың тілек-талаптарына жауап дайындау; -Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғалмаған тобына жататын студенттердің (көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, жетім студенттер, т.б.) мәліметтер базасын жаңартып және толықтырып отыру; -студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу шараларын өткізу.
«Жастар ісі жөніндегі комитет» функциялары: - студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту; - студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу; - студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, институттағы студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау; - студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің жылдық жұмыс жоспары 2023-2024 жыл |