Басқарма төрағасы-ректор |
15.04.2022
Ғылым мен білім одағы - уақыт талабы
Ғылым мен білімнің өзара ықпалдастығы ХХІ ғасырдағы қоғамның алға жылжуына ұйытқы болады. Бұдан Абай университеті де шет қалмайды.
Педагогикалық білімнің флагманы болып саналатын университетіміз жоғары мектептің негізгі үш миссиясын лайықты жүзеге асыруда: білімді оқыту арқылы беру;ғылыми-зерттеу қызметіжәне қоғамға қызмет ету арқылы жаңа білімді құру; жаңа ұрпақты тәрбиелеу және белсенді қоғамдық жұмысқа жетекшілік ету.
Жаңа білімді құру - жақсы іргетас, іргетастың негізі. Егер жоғары оқу орындарында оқыту соңғы ғылыми зерттеулерге негізделмесе, адамзат ешқашан білімді қоғамға айнала алмайды. Мен ұстаз болған кезімде оқу үдерісіне өзімнің зерттеулерімнің нәтижелерін енгізіп және ғылыми жобалардың идеяларын қолданып көңілім толатын. Зерттеудің дизайнымен әдістемесін талқылау барысында қызықты идеялар дүниеге келді, студенттер мен үшін идеяның да, сынның да қайнар көзі болды. Бұл мені алға тартты. Зерттеумен біріктірілген оқыту - зерттеу университеттері үшін алтын стандарт.
Жоғары білім - бұлбеделең маңызды орындатұратын сала. Абай университетінің имиджін негізінен ғылымдағы жетістіктер қалыптастырады. Мысалы, біздің университет QS World University Rankings 2022 рейтингінде 551-560 орындарда (қазақстандық ЖОО арасында 5-орын); QS EECA рейтингінде (Emerging Europe & Central Asia) - 82-орында (қазақстандық ЖОО арасында 4-орын).
Әрине, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми мектептері бүгін немесе кеше қалыптасқан жоқ. Олар1928 жылы университеттің негізі қаланған кезден-ақ өздерінің ғылыми әлеуетін табиғи түрде дамытып келеді. Мұнда еліміздің дамуына, ғылым-біліміне орасан зор үлес қосқан С.Асфендияров, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Т.Жүргенов, И.Қабұлов, М.Ғабдуллин сынды қазақ халқының біртуар тұлғалары еңбек еткенін айтсақ та жеткілікті. Бүгінде ғалымдарымыз олардың даңқты дәстүрлерін жалғастыруға күш салуда.
Абай атындағы ҚазҰПУ қай кезеңде болмасын жоғары деңгейдегі ғылыми кадрлармен жеткілікті қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда университетте ҚР Ұлттық ғылым академиясының 13 академигі мен корреспондент-мүшесі, ғылым, техника және білім саласындағы көптеген Мемлекеттік сыйлықтардың, Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықтың және т.б. сыйлықтардың лауреаттары еңбек етуде. Көптеген ғалымдарымыз Қазақстанның даңқын одан тысқары жерлерде де асқақтатып жүр.
Бүгінде Абай университетінің ғылыми әлеуетті жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамнан құралып отыр. В.Н. Косов, Е.А. Бөрібаев, Ж.А. Хамзина және тағы басқа профессорларымыз бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалпы рейтингінің ТОП-50 қатарынан табылып келеді. Сондай-ақ, С.Д. Әбішева, Л.В.Сафронова, М.Ш.Мұсатаева, Ж.А.Хамзина, В.Н.Косов, Е.А.Бөрібаев сияқты бірқатар профессорларымыз - Халықаралық рецензияланған ғылыми журналдардың редакциялық алқаларының мүшелері мен сарапшылары болып табылады.
Біздің оқытушыларымыз, жас ғалымдарымыз мен дарынды студенттеріміз түрлі ғылыми жарыстарға белсене қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Нақтылайтын болсақ, екі мемлекеттік ғылыми стипендия иегеріміз бар, төрт профессорымыз «Үздік ғылыми қызметкер» атағын алды. Жеті оқытушы - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағыныңиегері, 16 қызметкер - «Болашақ» ғылыми тағылымдамадан өту байқауының жеңімпазы атанды.
Ғылымның кадрлық резервінің әлеуетін одан әрі арттыру үшін жыл сайын университет қаражатынан төленетін ғылыми-профессор және докторантураның ғылыми қызметкері лауазымдарына ашық конкурстар өткізіледі. Қазір мұнда 7 зерттеуші профессор мен 17 постдокторант жұмыс істейді. Біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жоспарлы түрде жүргізілуде, 2021/2022 оқу жылында магистранттар саны 1424 адамды, докторанттар саны - 243 адамды құрады. Ал, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың тұрақты сақталуын көрсетеді.
Иә, ғылыми кадрлар - кез келген университеттің басты құндылығы. Бірақ, олардың дамуы мен жемісті жұмыс істеуі үшін тиісті материалдық-техникалық база қажет. Сондықтан университет өз институттары мен зертханаларын соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандыруда, ең заманауи технологияларды енгізуде. Бізде ғылыми-инновациялық парк, STEM парк, ғылыми орталықтар желісі, радиациялық үдеткіш, нанотехнологиялар, робототехника зертханалары және басқа да маңызды нысандар жұмыс істейді. Жетекші ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық жүйелі жолға қойылып, бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Осындай қуатты әлеуетке ие бола отырып, университет 2022-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде зерттеу университетіне айналуды көздейді. Оны табысты жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді шешуге баса назар аударылуда: қызметкерлер арасында зерттеу мәдениетін насихаттау, мұғалімдердің ғылыми қызметіне мотивациясын арттыру, ең табысты шетелдік университеттердің үлгісі бойынша университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін шағын гранттар бағдарламасын енгізу; ғылыми-педагогикалық қызмет салаларында жаңа алқалы органдар құру және білім берудегі зерттеу этикасының бұзылуына жол бермеу; университет ғалымдарынан түсетін грантты қөтінімдердің ішкі сапасын бақылау жүйесін дамыту, гранттық қаржыландыруға өтінімдерді іріктеудегі ашықтық; жобалау зерттеулерінің мониторингі, қызметтің барлық аспектілерін одан әрі цифрландыру.
Абай университетінде ғылымды дамытудың стратегиялық міндеттері кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Және қазірдің өзінде барлық бағыттар бойынша нәтижелер бар. Оларға келесі жолы егжей-тегжейлі тоқталатын боламын.
Авторы: Дархан Біләлов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры 15.04.2022 ж. Ақпарат көзі: postfactum.kz
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|