қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2023

ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындары жас оқытушыларының халықаралық форумы

 

2023 жылғы 12 мамырда Абай университеті базасында университеттің 95 жылдығына арналған «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің жас оқытушысы: кәсіби даму сатылары» тақырыбында ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындары жас оқытушыларының халықаралық форумы өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов, Ресей білім академиясының (РБА) академигі, профессор, МПМУ бірінші проректоры Виктор Дронов, профессор, Педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығының атқарушы директоры Эдуард Никитин қатысты. Модератор - стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева.

 

Форум ТМД елдерінің жас зерттеушілерін, ғалымдары мен оқытушыларын жинап, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде біліктілікті арттыру, кәсіби құзыреттіліктер мен заманауи оқыту әдістерін дамыту мәселелерін талқылады.

 

Іс-шара барысында Дархан Біләлов білім беру мемлекет дамуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан білім берудің мәселелері мен болашағына, оқытушылардың біліктілігі мен тәжірибесіне көңіл бөлу педагогикалық университеттердің алдында тұрған маңызды міндеттер екенін айтты. «Форум тәжірибе алмасу, педагогикалық білім беру саласындағы жас оқытушылардың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Озық тәжірибені зерделеу, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сондай-ақ тәжірибелі оқытушылар мен ғалымдар жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, заманауи білім берудің сын-қатерлерін сәтті еңсеруге көмектеседі», - деді Абай университетінің ректоры.

 

Іс-шара аясында пленарлық отырыстар өткізілді, онда қатысушылар тәжірибелерімен және әзірлемелерімен бөлісіп, педагогикалық білім беру саласындағы жас оқытушылардың алдында тұрған өзекті тенденциялар мен сын-қатерлерді талқылады. Мәселен, ТМД елдерінің үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі жас педагогтердің қазіргі жағдайы, Жас зерттеушілер кеңесінің қызметі, қазіргі жастардың табысты білім алуына ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістері, Hyflex технологиясы арқылы болашақ педагогтарды даярлауды жүзеге асыру құралдары және т.б мәселелер қарастырылды.

 

Форумда Педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығының атқарушы директоры Эдуард Никитин және Жас оқытушылар кеңесінің вице-президенті Кристина Зайцева (Санкт-Петербург дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру академиясы), Абай атындағы ҚазҰПУ Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы Шахислам Лайсханов және Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады.

 

Талқыланған тақырыптар жас оқытушылар үшін өте маңызды болды, соның ішінде білім берудің инновациялық үлгілерін жасау, біліктілікті арттыру және оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу. Форум тәжірибе алмасу және кәсіби қарым-қатынас үшін маңызды алаңға айналды, ТМД елдерінің жас ғалымдары мен оқытушылары арасындағы достық байланысты нығайтуға ықпал етіп, одан әрі кәсіби өсу мен дамуға жаңа серпін берді. Мұндай іс-шаралар жас оқытушыларға өздерінің кәсіби дағдыларын дамытуға және үздіксіз педагогикалық білім беру саласында жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі.

 

Іс-шара «Оқытуды үйренеміз» III Халықаралық жас оқытушылар конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен және осы форумға қатысу туралы сертификаттарды табыстаумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті