қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2021

Арнайы вебинар ҚР БҒМ жас ғалымдардың ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетуге көмектеседі

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы жариялады. Конкурстыңың мақсаты - жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру.

 

Сондықтан 2021 жылдың 12 қарашасында Ғылым департаменті ұйымдастырған «Жас ғалымдардың жобаларын ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді дайындау» вебинары университет өміріндегі маңызды оқиға болды.

 

Вебинардың спикерлері университеттің зерттеу жұмысы бойынша проекторы Ермек Бөрібаев; Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова; профессор - Жанна Хамзина болды. Семинарға 57 жас ғалым, ал білім беру институттары директорларының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 

Спикерлермен конкурстық құжаттаманың негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми қорын барынша тиімді пайдалану, конкурсқа өтінімді дұрыс ресімдеу және беру туралы айтылды.

 

Біздің жас ғалымдарымызға конкурстың барлық кезеңдерінен табысты өтуді және гранттар ұтып алуды тілейміз

 

   

 

   




Кері оралу