қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы

Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы

 

Жамбыл облысында 02.01.1953 жылы дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесін, Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Жамбыл облысында № 303 сегізжылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімі (1972 - 1976 ж.ж), К.Маркс атындағы орта мектепте директордың оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары  (1976 - 1981 ж.ж), Алматы облысы Жамбыл аудандық аудандық оқу бөлімі, (1981 - 1983 ж.ж), Алматы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының әдіскері, кабинет меңгерушісі (1983 - 1986 ж.ж), Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын республикалық институтта әдіскер, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаған (1986 - 2008 ж.ж), 2008 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі (2008 - 2014 ж.ж), қазіргі кезде профессор қызметін атқаруда.

 

БІЛІМ

Бітірген оқу орыны

Біліктілігі

Бітіру күн

М.Мәметова атындағы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі

Бастауыш мектеп және ән сабағы пәні мұғалімі

1972 ж. 30.06.

Жамбыл педагогикалық институты  

Қазақ мектептерінің орыс тілі пәні мұғалімі

1978 ж. 28.06

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

  13.00.01 Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

1998 ж.13.02

Педагогика ғылымдарының докторы

13.00.01 Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

2007 ж.28.06

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Тағайындалған  күні

Доцент

2001 ж. 01. 19

Профессор

2010  ж. 04. 28

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта:

Педагог психологтың кәсіби этикасы.

Докторантурада: Ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы

Кәсібиліктің акмеологиялық әдіснамасы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқу құралы - Алматы: ТОО «Жания Полиграф» 2015. - 13. 5 б.т.;  Андрагогика Оқу құралы  - Алматы: «Болашақ» баспасы 10 б/т Алматы: 2011. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. Монография. -  Алматы: Полиграф - Сервис баспаханасы 2012 ж 20 б/т. Педагогикалық акмеология. Оқу құралы - Алматы: «ЖС Тантеев» баспаханасы, 2017 ж.165 б  

 Wef of Science Core Collection,  Scopus базаларындағы басылымдарда 9 мақаласы шыққан. H - index 2

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ -  Ғылыми еңбектері педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту,  бастауышта оқыту мәселелері, ғылыми зерттеудің әдіснамасы, ересектерге білім беру,  студенттердің медиақұзыреттіліктерін қалыптастыру бағыттарында жүргізіледі.  Осы тақырыптарда 11 оқу  құралы, 15 ғылыми-әдістемелік және ғылыми - практикалық құрал жарық көрген.  ҚР БжҒМ ұсынған жалпы білім беретін 11 жылдық мектептердің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы мен ОӘК- нің авторы.

 

МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (1995 ж.);

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері  (2005 ж.);

Ы.Алтынсарин төс белгісі (2016 ж.)

«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекетік гранты иегері 2011 ж, 

Республикалық «Үздік әдіскер» конкурсының  2 - орын  жеңімпазы. 2014 ж.

 

 


← Кері оралу