|
Жастар ісі жөніндегі басқарма | |
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2003 жылы Жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі - ЖІК) құрылған. Комитет өз қызметінде ЖІК туралы Ережені басшылыққа алады.
Комитет жұмысының негізгі бағыттары
- Университетте жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. - Комитеттің және оған қарасты бөлімшелердің жұмысын жоспарлайды және жоспардың орындалуын қадағалайды. - Жастармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтап, таратады. Өз қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіреді. - Жастар саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар береді. - Студенттердің нәсіліне, әлеуметтік, діни және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан олардың теңдігін қамтамасыз етеді. - Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. - Университеттің студенттік өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіреді. - Белгіленген тәртіпке сәйкес басқа ЖОО-ның студенттік өзін-өзі басқару органдарымен, жастар ұйымдары және құзырлы органдармен, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттерімен қарым-қатынас орнатады. - Университеттегі студенттік бірлестіктер, шығармашылық клубтар, секциялар мен үйірмелердің жұмыстарын үйлестіреді. - ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. - Мәдени-көпшілік, патриоттық тәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу және экстремизмді болдырмау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттық тәрбие беру және ұлтаралық келісімді қалыптастыру жұмыстары бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. - Дарынды студенттерді анықтау мақсатында байқаулар мен сайыстар ұйымдастырады.
Біз туралы ақпарат: Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында, instagram - «kaznpu_zhastary», smartstudents_kaznpu
1. Комитет туралы Ереже
2. Жоспарлар
3. Дәстүрлі шаралар
4. 2019 жылы - Жастар жылына арналған шаралар Жоспары
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары институттар бойынша:
|