Негізгі бет
Жаңалықтар
28.04.2023 Абай университетінде М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің маманы екі дәріс оқыды
2023 жылғы 24 және 26 сәуірде Абай университетінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің маманы ВГГУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ким Александр Алексеевичтің екі дәрісі өтті.
Бірінші дәрісі «Мектептегі иерархия» тақырыбына арналды. Өкінішке орай, жасөспірімдер арасындағы қорлаудың келеңсіз мысалдары бүкіл әлемде орын алып жатыр және осы құбылыспен күресу және олардың алдын алу мақсатында көптеген педагогтар, психологтар, ғалымдар бұл мәселені зерттеп, шешудің әртүрлі жолдарын ұсынуда. А.А. Ким дәрісінде сыныптағы және педагогикалық ұжымдағы тұлға түрлеріне, осы немесе басқа байланыстар неге әкелетініне талдау жасалды. Мектептердегі педагогикалық тәжірибе тұрғысынан студенттер әртүрлі тұлғалық формалармен кездесетіндіктен, магистранттар мен оқытушылар үшін бұл дәріс пайдалы және қызықты болды.
Екінші және соңғы дәріс «Гранттық бағдарламалар» тақырыбына арналды. Дәріске Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.К.Симтиков, Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Жаһандану заманында жас және аға буынның әлемнің жетекші университеттерінде гранттар бойынша білім алуына, біліктілігін арттыруға мүмкіндіктері мол екендігі айтылды. Ал үшінші дәрісте грант деген не, оны алудың шарттары, грантты бітіргеннен кейінгі оның перспективалары туралы айтылды. Дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, себебі студент және магистранттардың көпшілігі оқуын шетелде жалғастырғысы келеді.
Дәрістерді Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі - Н.Н.Конкабаева, корей тілі оқытушысы - Н.С. Нам ұйымдастырды.
|