Абай университеті әрқашан білім сапасын арттыруға ұмтылады
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (9-1-бап) сәйкес аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады. ЖОО ҚР БжҒМ реестріне енгізілген аккредиттеу органын дербес таңдайды және аккредиттеу рәсімдерін өз қаражаты есебінен төлейді. Бағалау стандарттары мен өлшемшарттарын әрбір аккредиттеу органы дербес айқындайды.
Мамандандырылған аккредиттеу - бұл жоғары оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың танылған әдістерінің бірі және сапаны қамтамасыз етудің тұрақты және тиімді құралы.
Университет осы бағыттағы алғашқы қадамдарын 2011 жылы ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы 10 білім беру бағдарламасының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өту рәсімін растай отырып бастады.
Бүгінгі таңда университеттің 93 білім беру бағдарламасы ҚР ҒЖБМ реестріне енгізілген, түрлі аккредиттеу органдарымен 5 жыл мерзімге аккредиттелген.
Қазіргі уақытта университет аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR), білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA), Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы (KAZSEE), тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы (АТҚО) сияқты аккредиттеу органдарымен ынтымақтасады.
Сапа мәдениетіне қатысты университет ауқымында үнемі жетілдіру білім беру қызметтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Осыған байланысты, білім беру қызметтерінің сапа деңгейін арттыру үшін университет үнемі жетілдіруге ұмтылады және мерзімді негізде ESG сәйкес сапаны қамтамасыз етудің сыртқы рәсімдерінен өтетін болады.
|