қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

Болашақ заңгерлер Алматыдағы Сот сараптамалары институтында болды


2023 жылғы 24 сәуірде Тарих және құқық институты «6В04201 - Құқықтану: сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері және «6В04202-Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері тәжірибелік сабақ шеңберінде Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтына барып, оқу және болашақ жұмыс үшін қажетті білім алды.

 

ҚР ҚПК 240-бабына сәйкес сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайлар сарапшы арнайы ғылыми білім негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін жағдайларда тағайындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын өзге адамдарда білімнің болуы қылмыстық процесті жүргізетін адамды тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттілігінен босатпайды. Сот сараптамасы Сот-сараптама қызметінің бір түрі болып табылады және қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша жүргізілетін зерттеу болып табылады, оның барысында сот сарапшысының ғылыми білімді (арнайы әзірленген әдістемелерді) қолдануы негізінде зерттеу объектілерінің белгілері мен қасиеттері айқындалады, сот процесінде бұрын белгісіз болған жаңасын тұжырымдау үшін оларды ғылыми бағалау және түсіндіру жүргізіледі.

 

  alt=