қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

Тіл білімі мен ғылымы үйлестіріледі

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тіл ғылымы зерттеу­ле­рін үйлестіру» орта­лы­ғы ашылды. Тіл сала­сын­да­ғы ғалымдар осы орта­­лықтың алдағы жос­пар­ларын талқылап, «Қазақ­стандағы қазіргі қазақ­тілді контент: зерттеу пара­дигмалары» тақыры­бын­да өткен халықаралық ғы­лыми-теориялық конференцияда тіл ғылы­мын дамыту мәселелерін қозғады.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төр­ағасы-ректор Дархан Біләлов ор­талық жұмысы еліміздің жоғары оқу орындарындағы оннан астам диссертациялық кеңестің тіл ғы­лымы зерттеулерін үйлестіру ба­ғытындағы консультативтік-­ке­ңесшісі ретінде жалғасып, қа­зақ тілді ғылыми-зерттеулерді бі­рік­тіріп, дамуына септігін тигіз­е­тінін атап өтті. Оның айтуынша, технологиялар қарыштап, көз ілеспес жылдамдықпен дамыған кезеңде ғылым - қоғамның, мем­лекеттің интеллектуалдық әле­у­е­тінің көрсеткіші ретінде дамуы заңдылық. Сол себепті де елі­міздің өзге мемлекеттермен иық ті­ресіп, алдыңғы қатардан көрі­нуіне отандық ғылым мен техни­каның озықтығы ықпал етеді.

 

Орталықтың ашылуына орай, құттықтау хатын жолда­ған Ғы­лым және жоғары білім ви­це-ми­нистрі Қуаныш Ерға­лиев ға­лымдар жұмысына сәт­ті­лік тілеп, ғы­лымның әр сала­сы бойын­ша қорғалатын диссер­та­ция­лар­дың ғылыми жаңалығы, маз­мұ­ны, оларға қойылатын талап та жоғары үдеден шығатындығына сенім білдірді.

 

Мұндай орталықтардың өз­ге ғылым салаларында да ашыл­ғаны маңызды. Жиынға қатыс­қан­дар осындай пікір айтты. Білім және ғылым саласындағы сапаны бақылау комитетінің төр­айымы Гүлзат Көпенова қа­зақ тіл ғылымының ғылыми-тео­рия­лық мәселелерін іргелі және қол­данбалы зерттеулер дең­гейінде ілгерілететін орта­лық­тың ашылуы ғылымды да­мы­тудың басым бағыттарын айқын­дайтын кезеңмен сәйкес ке­ліп отырғандығын жеткізді. Тіл сая­саты комитетінің төр­аға­сы Ербол Тілешов зерттеу та­­қы­рыптарының дербестігін, өзек­­тілігін, жаңашылдығын үйлес­ті­ретін орталық жас ғалымдарды қол­дау бағытындағы тың жоба­ларға бастамашы болса деген ұсы­нысын айтты.

 

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ди­­рек­торы Анар Фазылжанова осы орай­да қазіргі кезде жо­ға­ры оқу орындарының да, мек­теп оқулықтарының да маз­мұ­­нында академиялық си­пат­­тағы іргелі зерттеулер нәти­же­сін­де алынған үлкен ауқым­ды тіл­дік империкалық база негі­зін­де жасалған ғылыми қоры­тын­дыларына, ғылыми білімнің жү­йесіздігіне алаңдаушылық біл­діре келіп, алдымен қорғалатын дис­сертациялар тақырыбы рет­теліп, әрі қарай академиялық, клас­сикалық оқулықтардың сапасына орталық жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болады деген ұсыныс тастады.

 

Отандық тілтанымдық ғы­­лым­ды жүйелеп, ізденіс ба­ғыт­тарын айқындауда, ғылыми ойдың арнасын дұрыс жаққа бұ­руға сүбелі үлес қосқан акаде­мик Шора Сарыбаев бас­тап кеткен іргелі істердің осы орталықта жалға­сын таба­тын­дығы ғалымдарға үл­кен жауап­кершілік жүктеп отыр. Орталық басшысы, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің айтуын­ша, соңғы кезде маман­дар­ды диссертацияның мақсат-міндеттерін, өзектілігін айқын­даудағы нақтылықтың өз дең­ге­йінде болмауы, таңдаған тақы­рып­тардың басқа диссер­тация­лық жұмыстармен ұқ­састығы алаң­датып келді. Со­ған орай тіл білімі бойынша қорғалатын дис­сертациялық жұ­мыс­тардың сапасына қа­тыс­ты көп­те­ген сын айтылды. Ен­дігі кезек­те бұл мә­се­ле­лер мамандардың жіті назар­да болады. Осы орайда ака­демик К.Құрманәлиев: «Көр­нек­ті ғалым, академик Шора Сарыбаев негізін қалаған жолды жалғастыра отырып, орталық жұмысы аясында университеттер мен Ұлттық ғылым акаде­мия­сының арасында тығыз ынты­мақтастық орнатып, жас ғалым­дар зерттеулері бағытын бір ізге түсіреміз», деді.

 

Тіл ғылымы зерттеулерін үй­лес­тіру орталығы алда ма­ңызды жо­баларға арқау болатыны сөз­сіз. Оған сай жоспар да дайын, жі­гер­лі мамандар да жеткілікті. Ен­дігі мақсат - заманауи технология тілін меңгер­ген ғалымдардың кү­ші­мен қа­зақ тілін әлемдік ғылым кеңес­тігі­не шығаруға әрекет ету.

 

 

25.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz