Біз туралы
Институтта білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне байланысты мемлекеттік стандарттарды жасау арқылы халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар да жасалынуда. Педагогика-психология институты 1999 жылы бастауыш білім беру әдістемесі және дефектология факультеттерінің негізінде құрылды. Факультетті құруға көп еңбек сіңірген және алғашқы деканы болған, п.ғ.к., проф. Р.М. Қоянбаев болды. Оқу ғимаратының №29 оқу-мәжіліс дәрісханасына осы кісінің құрметі ретінде ғалымның есімі берілді. Сол кезде іргесі қаланған институттың бастауында тұрып, жас институтке пәрменді көмек көрсеткен, бүгінде өмірден озған: Т.С.Сабыров (№27-кабинетке есімі берілді.) ф.ғ.д.,проф. М.Ә.Қараев, проф. О.С.Сатқанов, доц. Л.И.Завалишина сияқты аяулы ғалым-ұстаздармен бірге факультетке өнегелі еңбек сіңірген ғылым-докторлары, профессорлар жұмыстар жасады. 2004-2008 жылдар аралығында факультетке п.ғ.д., проф. Қ.І.Адамбеков, ал 2008-2011 жыл аралығында п.ғ.д., проф. Р.Ә. Шаханова басшылық етті. Қазіргі уақытта факультетті п.ғ.д., профессор Серік Мұхтарұлы Кеңесбаев басқаруда.
|