қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жаратылыстану және география институтындағы (ЖГИ) халықаралық ынтымақтастық академиялық және ғылыми жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ынтымақтастық әр түрлі елдердің ғалымдарымен оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытуда маңызды роль атқарады.

 

Институт Окаяма университетінің (Жапония) тұрақты даму бағытында білім беруді ілгерілету орталығымен бірлесіп, ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мүддесі үшін зерттеулер мен білім беруге қолдау көрсету бойынша жұмыс жасап «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» («Тұрақты даму мүддесі үшін азиялық білім беру саласындағы озық тәжірибе орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі мәселелері бойынша педагогикалық білімге жәрдемдесу» ғылыми жоба тақырыбымен жұмыс жасауда. Жобаға Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд сияқты тоғыз Азия елдерінің ғалымдары қатысуда.

 

Жаратылыстану және география институтының оқытушылары әлемнің танымал тағылымдамадан өткен:

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында, мысалы George Washington University (Вашингтон, США), Necmettin Erbakan University (Конья, Түркия), Sapienza - Università di Roma (Рим, Италия), University of Illinois Urbana-Champaign (Иллинойс, США), University of California Davis (Калифорния, США), University of Reading (Беркшир, Ұлыбритания) тағылымдамадан өтеді.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жаратылыстану және география институтының студенттері Польша, Жапония, Литва, Түркия, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерінде білім алады. Магистранттар мен докторанттар ғылыми тағылымдамаларын Польша, Беларусь, Ресей, Туркия, Литва және т.б. мемлекеттерінде өтеды.

 

Жаратылыстану және география институтында жыл сайын әр түрлі бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциялар мен жастар форумы ұйымдастырылады. Ұйымдастырылған іс шараларға Европа және Азия, ТМД елдерінің ғалымдары қатысып, олардың еңбектері жарияланып мазмұнды тезистер тындалады. Ұйымдастырылып отырған мұндай іс шаралар ғалымдарға өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми идеяларын тұжырымдауға және басқа елдердің ғалымдарымен қарым-қатынас орнатуға толығымен мүмкіндіктер береді.

 

Шетелдік серіктестер

 

ЖОО атауы Мемлекет
1 Баку мемлекеттік университеті Әзірбайжан

2

Максим Танк атындағы Беларусь

мемлекеттік педагогикалық университеті

Беларусь

3

Әулие Кирилл және Мефодий атындағы великотырнов университеті

Болгария

4

Печский Университеті

Венгрия

5

Венгрия ауыл шаруашылығы және

жаратылыстану ғылымдары университеті

Венгрия

6

Сурабая Университеті

Индонезия

Республикасы

7

Ұлы Витаутас университеті

Литва

8

Слупск қаласындағы Померания

академиясы

Польша

9

Гданьск технологиялық университеті

Польша

10

Мәскеу қаласының «Мәскеу қалалық

педагогикалық университеті» мемлекеттік автономды жоғары оқу орны

Ресей Федерациясы

11

А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік

педагогикалық университеті

Ресей Федерациясы

12

Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті

Ресей Федерациясы

13

Қазан Федералды Университеті

Ресей Федерациясы

14

Гази Университеті

Турция

15

Хаджетеп Университеті

Турция

16

Стамбул университеті

Турция

17

Стамбул Гедик университеті/

Турция

18

Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік

педагогикалық институты

Өзбекстан

Республикасы

19

Ферғана мемлекеттік университеті

Өзбекстан

Республикасы

20

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік

педагогикалық университеті

Өзбекстан

Республикасы

21

Термез мемлекеттік университеті

Өзбекстан

Республикасы

22

Гүлистан мемлекеттік педагогикалық институты

Өзбекстан Республикасы

23

Окаяма университетінің білім беру

факультеті

Жапония