қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2023

Әскери психологтар мен тәрбиешілерге арналған семинар

 

2023 жылғы 20 сәуірде Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Б.Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің базасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология инстиутына қарасты «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы, пс.ғ.к. Н.Ү.Бегалиева оқыту семинарын өткізді. Оқыту семинары әскери психологтар мен офицер-тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілді.

 

Аталған семинарда Н.Ү. Бегалиева «Психологтің практикалық іс-әрекетіндегі суицидалді мінез-құлықтың профилактикасы» тақырыбында дәріс өткізді. Семинар барысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың суицидті мінез-құлқын анықтаудың жолдары мен алдын алу шаралары, сондай-ақ, суициденттерге психологиялық көмек берудің нақты алгоритмін ғылыми-әдістемелік, практикалық бағытта көрсетті. Сонымен қатар, әскери психологтарға суицидтік мінез-құлыққа қатысты ситуациялық тапсырмалар беріліп, сұрақтарға жауап беріп, мәселені кеңінен әрі жан-жақты талқылады. Оқыту семинарының тыңдаушылары семинардың өткізілуі мен мазмұны жайлы өзіндік жағымды пікірлерімен бөлісті.

 

Оқыту семинарының соңында «Өз мамандықтарына лайықты, кәсіби деңгейлері жоғары студенттер дайындағаны және әскери ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің психологтарымен практикалық дайындықты өткізуге көмек көрсеткен «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы, кафедра профессоры Г.Б. Ниетбаева, аға оқытушылар С.А.Тукебаева, Н.Ү. Бегалиева алғыс хатпен марапатталды.

 

Оқыту семинары сарбаздарға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысымен жалғасты.

 

  alt=  

>