Негізгі бет
Жаңалықтар
21.04.2023 NGS мектебіндегі бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестивальдері - университеттің дуальды серіктесі
2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында дуальды білім беру бағдарламасы бойынша «6В01303-Бастауыш білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологиямен» (АКТ) мамандығының бірінші курс студенттері алғаш рет оқу практикасынан өтті. Оқу жылы бойында студенттер өндірістік оқыту бойынша NGS Жаңа ұрпақ мектебіне барды және бұл тәжірибе оқу мен өндірістік оқыту бағдарламаларын біріктіру сәтті болатындығын көрсетті.
Жалпы, оқу практика кезеңінде бірінші курс студенттері 5 фестиваль өткізді. Соның ішінде, STEM фестивальдерін үшінші сынып оқушыларымен өткізу туралы шешім қабылданды. Олар сценарийді мұқият ойластырып, «Ғылым» станциясында вулканмен ғылыми эксперимент жасау үшін қажетті құрал-жабдықтарды дайындады. Шифрланған, кодталған ақпараттарды шешу «Технология» станциясында жүзеге асырды. Ал, «Математика» станциясында кеңістіктік ойлау мен логикаға арналған стандартты емес есептерді шығаруда күштерін сынап көрді. «Инженерия» станциясында құрылыс-инженерлері болды.
Фестивальді ұйымдастырып, өткізуде және сценарий дайындауда профессор м.а. Асель Акпаева, іс-тәжірибе жетекшісі, профессор м.а. Лариса Лебедева, Кіші мектептің академиялық үлгерімі департаментінің директоры Раушан Бекмуратова көмек көрсетті. Әр оқушы алғаш рет ғылымдардың байланысы жайлы ойланып, белсенді қатысқандары үшін сертификаттар алды. Интерндер оқушыларды бақылап, олардың белсенді қатысқанын талдады. Осындай оқу практикасынан оқушылар да, интерндер де пайдалы тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, практика кезеңінде студенттер сабақтардың өту барысын бақылап, мектеп кураторларына көмек көрсетті.
Дуальды бағдарлама алға жылжуда және мектеп пен университеттің дуальды серіктестігі студенттердің бірінші курстан бастап мамандыққа енуіне қатты әсер ететінін тағы бір рет дәлелдеді. Фестиваль қонақтары педагогика пәнінің оқытушысы профессор Асыл Аренова, бастауыш білім беру кафедрасының 2-ші курс докторанты Марал Баймаханбетова және 3-ші курс студенттері болды. Дуальды пилоттық бағдарлама «618835-ЕРР-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP-«Қазақстанда дуальды жүйені енгізу-KAZDUAL» жобасы аясында Erasmus+ бағдарламасы бойынша іске қосылды.
|