КеАҚ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» мен ғылыми ұйымдар (бұдан әрі - ҒЗИ) арасындағы ынтымақтастық
Педагогикалық зерттеу университетіне трансформациялау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұдан әрі - Абай атындағы ҚазҰПУ) стратегиялық дамуы келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді: 1. Жоғары оқу орны және академиялық ғылымның интеграциясына, оқу үдерісіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге негізделген бәсекеге қабілетті зерттеу университетін қалыптастыру. 2. Ғылыми бағыттардың кең спектрі бойынша, әсіресе, «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік-мәдени саланы дамыту тұрғысынан басым болып табылатын салаларда зерттеулер жүргізу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін озық білім беру әдістемелері мен технологияларына трансферлеу арқылы ұлттық білім беру жүйесінің мәселелерін шешу. 3. Жас ғалымдар мен оқытушыларды, білім алушыларды ынталандыру және жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының жоғары білікті мамандарын оқыту және ғылыми жобалау саласына тарту есебінен кадрлық әлеуетті дамыту.
Жоғарыда аталған міндеттерге университет ұжымдары мен республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдарының күш-жігерін біріктіру арқылы қол жеткізуге болады. Интеграцияның нақты ұйымдастырушылық формалары болуы мүмкін: - конкурстық негізде қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыратын бірлескен шығармашылық ұжымдар; болашақта, мүмкіндігінше, стартаптар; - университет базасында еліміздің ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп құрылатын озық зерттеу орталықтары; - мақсаты еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының үздік ғалымдарының жетекшілігімен студенттерді, магистранттарды, докторанттарды қазіргі ғылымның өзекті сұрақтары бойынша мәселелік оқыту болып табылатын, университеттің ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми-білім беру консорциумы.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да осындай ынтымақтастықтың тәжірибесі бар. Оның идеясы 2019 жылдың 21 мамырында өткен «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында туындады, онда шақырылған қонақтар мен спикерлер ретінде 19 Республикалық ҒЗИ директорлары мен жетекші ғалымдары сөз сөйледі. Конференцияның қорытындысында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданып, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
2020 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ гранттары бойынша 15 жоба жалпы сомасы 50 млн. теңгеге қаржыландырылды. 2021 жылы жобалардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 39 миллион теңгеге 8 жоба ұзартылды. Олар - Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты; Философия, саясаттану және дінтану инстиутуты; Математика және математикалық модельдеу институты; Микробиология және вирусология ғылыми орталығы; А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ҒЗИ-лар және орталықтар сияқты жетекші ғылыми ұйымдардың интеграциялық жобалары. Аталған ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдарының Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарына ғылыми кеңесші ретінде тағайындалуы және университет жанындағы Диссертациялық кеңестерге мүшелік етуі дәстүрлі үрдіске айналған.
Ынтымақтастық нәтижесінде Scopus, Web of Science базаларында индекстелетін жоғары процентильді шетелдік журналдарда жарияланымдар жарық көрді және Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарының диссертацияларын дайындауда маңызды ғылыми деректер алынды.
Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ келесі ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықтағы жалғасуда: - Металлургия және кен байыту институты;
|