қазақша · русский · english
 
 
 


Магистрант немесе докторант университетке оралғаннан кейін бітіртуші кафедраның отырысында ғылыми тағылымдаманың қорытындылары туралы есеп беруі тиіс.


Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін 5 күн ішінде білім алушы халықаралық ынтымақтастық департментіне ғылыми тағылымдамадан өткені туралы есепті және ғылыми тағылымдамадан өткенін куәландыратын құжатты (сертификат, куәлік, Анықтама және т.б.) тапсыруы қажет.


Есеп бұрын бекітілген тағылымдама бағдарламасына сәйкес барлық тармақтардың орындалуының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуы және оған ғылыми жетекші, кафедра меңгерушісі және институт директоры қол қоюы тиіс.


Республикалық бюджет қаражаты есебінен және/немесе ақылы білім беру қызметтерін іске асырудан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары алған кірістер есебінен қаржыландырылатын білім алушы қайтып оралғаннан кейін бес күн ішінде университеттің бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- межелі пунктке дейін жол жүргенін растайтын құжаттар және кері қайту (фискалды чек, электронды билет, отырғызу талондары (эконом-класс авиабилеті);
- трансфер үшін фискалды чектер (әуежайдан қабылдаушы ЖОО-ға дейін пойызға немесе автобусқа билеттер);
- фискалды чектер және тұрғын үйді жалдауды растайтын құжаттар (қабылдаушы ЖОО жатақханасында тұру немесе пәтерді жалға алу);
- фискалды чек және медициналық сақтандырудың түпнұсқасы;
- визаны рәсімдеу үшін елшіліктің фискалды чегі немесе түбіртегі;
- республикалық бюджеттік бағдарламада көзделген және ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бекітілген сметалар шегінде, бірақ нақты жүргізілген шығыстардан аспайтын және ҚР заңнамасы мен білім және ғылым министрлігі бекіткен өзге де шығыстар.