қазақша · русский · english
 
 
 
Шерубай Құрманбайұлы
Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекшісі
Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
Достық даңғылы 13, 104-каб.
sherubaykurmanbaiuly@gmail.com

 

Құрылған жылы:

«Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы №1054 қаулысымен құрылды. 

 

Орталықтың мақсаты: 

Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп, халықаралық конференциялар ұйымдастыру, кітаптар мен ғылыми еңбектер шығара отырып, түркітану ғылымының дамуына үлес қосу; түркі халықтары ғалымдарымен ортақ жобалар жүргізіп, ғылыми ынтымақтастықты нығайту; халықаралық индекстерде мақалалар жариялап, әлемде қазақ түркологиясына байланысты материалдарды таныту. 

 

«Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының» қызметі мен міндеттері:

- Түркітану саласы бойынша ғылыми жобаларды жүргізу;

- Түркі тілдері, әдебиеті және мәдениетіне қатысты конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;

- Сала бойынша іргелі ғылыми еңбектерді жарыққа шығару;

- Түркі тілдеріндегі ғылыми монографияларды аудару;

- Түркологияға кіріспе курстарын жүргізу;

- Түркітануға қатысты ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру;

- Университет қабырғасында түркология бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру.

 

Түркітану саласы бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтарды жарыққа шығару жұмысы тұрақты жүргізіліп, соңғы 3 жыл ішінде 7 кітап жарық көрді. Атап айтқанда, «Мұқағали сөздігі», «Абай тілінің ерекшеліктері», «Абай - Ғақлия кітабы», «Абай өлеңдерінің қолжазбасы», «Kazakça Atasözü ve Deyimlerdeki Eskicil Unsurlar», «Alaş ve Terminoloji» атты ғылыми еңбектер мен «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінен қосымша материалдар» атты оқулық шығарылды.

 

Орталық қызметкерлері ҒЖБССҚК (ВАК) ұсынған отандық басылымдарда 2020-2023 жылдар аралығында 20 ғылыми мақала, Scopus базасындағы рецензияланатын  халықаралық ғылыми журналдарда зерттеу жұмысын жариялады.

 

Ғылыми орталықтың қызметкерлері ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруларына арналған конкурстарына қатысып келеді. Бас ғылыми қызметкер  Марлен Әділов 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының иегері атанды.  Орталық жетекшісі Шерубай Құрманбайұлы 2023 жылы Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін «Ш. Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа» ие болды.