қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогикалық білімді дамыту орталығы

 

Педагогикалық білімді дамыту орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының шешімі негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 501 бұйрығымен құрылған.

 

Орталық университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Орталықтың мақсаты - ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету арқылы педагогикалық білімді дамыту және білім беру процесінде заманауи инновациялық технологияларды кешенді қолдану негізінде жалпы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру.

 

2015 жылғы 8 қыркүйекте университет ректорымен бекітілген Орталық туралы ережеге сәйкес оның негізгі қызметі:

- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының тәжірибесіне енгізу;

- ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдарымен байланыс орнату, сондай-ақ педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығының қызметіне қатысу арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу.

Педагогикалық білімді дамыту орталығының директоры - Әбілқасымова Алма Есімбекқызы, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Білім академиясының академигі, жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының академигі (Мәскеу).

Академик А.Е:Әбілқасымованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (2015-2025 жж.) қаржыландыруы және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың (2013-2023жж.) университетішілік жобалары арқылы білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

Зерттеулерге білім берудің мазмұны мен әдіснамасы саласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жетекші мамандары, ресейлік ғалымдар (Ресей білім академиясы, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университеті) қатысуда.

 

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелерін шетел ғалымдарының қатысуынсыз және шет мемлекеттердің ғылыми және ғылыми-педагогикалық ұйымдарымен ынтымақтастықсыз қарастыру және зерттеу мүмкін емес. Осы мақсатта Орталық шетелдік ғалымдармен ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.

 

Бірлескен ғылыми қызметтің нәтижесі көптеген ғылыми мақалалар, бірнеше монографиялар мен оқулықтар дайындау және басып шығару болды. Осылайша, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Мексика, Ресей, Түркия және Украина елдерінде шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланды.

 

Зерттеу тақырыбы бойынша келесі іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді:

1. «Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту: проблемалары, шешімдері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 26-27 мамыр, 2016 ж.

2. «Инновациялар мен дәстүрлер: педагогикалық білім беруді дамытудағы заманауи міндеттер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Мәскеу қ., К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және менеджмент университеті, 5-6 сәуір 2016 ж.

3. «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» халықаралық форумы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 4 қазан 2018 ж.

4. «Қоғамның рухани жаңғыруы және заманауи білім берудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелі. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 22 қазан 2019 ж.

5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы «Абай және Рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстелі. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 27 қараша 2019 ж.

6. «Ғылым - ХХІ ғасыр мектебінің негізі» атты ғылыми семинар. Мәскеу қ., Ресей Ғылым академиясы, 20-21 мамыр 2019 ж.

7. «Білім беру жүйесін жаңғырту: тенденциялар, проблемалар және перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференциясы. Алматы қ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 18 қазан 2019 ж.

8. Мектептің білім мазмұнын жаңарту мәселесі бойынша «Мектеп пен жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық-әдістемелік негіздері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинары. Алматы қ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 6 қараша 2019 ж.

9. «Математика және информатиканың өзекті мәселелері: теория, әдістер, практика» V Халықаралық ғылыми конференциясы. Елец қ.  И.А.Бунина атындағы Елец мемлекеттік университеті, 18-20 сәуір 2019 ж.

10. «Патриотизм білім беру ұйымдары жүйесінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Мәскеу - Алматы қ, К.Г.Разумовский  атындағы ТБММУ - Абай атындағы ҚазҰПУ, 18-19 наурыз, 2020 ж.

11. «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясы негізінде оқушы жастар арасында ұлттық сананы қалыптастыру» атты республикалық дөңгелек үстелі. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 23 қазан 2020ж.

12. «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының ғалымдары мен әдіскерлерінің қатысуымен мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша әдістемелік семинары. Алматы қ., №173 физика-математика мектеп-лицейі, 28 қаңтар 2020 ж.

13. «Мектепте математика мен физиканы оқытудың дидактикасы мен әдістемесі» атты әдістемелік семинары. Алматы қаласы, №92 мамандандырылған лицей, 28 ақпан 2020 ж.

14.  «Ұлттық құндылықтар мен инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін модельдеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді жаңғырту туралы» пленарлық баяндама жасады. Бішкек қ., Қырғыз білім академиясы, 31 қаңтар 2020 жыл.

15. «Мектепте және университетте математика мен информатиканы оқытудың өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми интернет-конференциясы. Мәскеу қ., Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, 9 желтоқсан 2020 ж.

16. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп пен жоғары оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 25-26 қараша 2021 ж.

17. Мектептің білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі бойынша «Мектеп пен жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық-әдістемелік негіздері» республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинары. Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 31 қаңтар, 10 ақпан, 30 мамыр, 11 қазан 2022 ж.

18. «Цифрлық білім беру ортасы жағдайында мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың сабақтастығы мәселелері» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары. Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ, 4 сәуір 2023 ж.