қазақша · русский · english
 
 
 
Шерубай Құрманбайұлы
Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекшісі
Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
Достық даңғылы 13, 104-каб.
sherubaykurmanbaiuly@gmail.com

 

«Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы №1054 қаулысымен құрылды.

 

Орталықтың мақсаты - іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп, халықаралық конференциялар ұйымдастыру; кітаптар мен ғылыми еңбектер шығара отырып, түркітану ғылымының дамуына үлес қосу; түркі халықтары ғалымдарымен ортақ жобалар жүргізіп, ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

 

Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының қызметі мен міндеттері:

- Түркітану саласы бойынша ғылыми жобаларды жүргізу;

- Түркі тілдері, әдебиеті және мәдениетіне қатысты конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;

- Сала бойынша іргелі ғылыми еңбектерді жарыққа шығару;

- Түркі тілдеріндегі ғылыми монографияларды аудару;

- Түркологияға кіріспе курстарын жүргізу;

- Түркітануға қатысты ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру;

- Университет қабырғасында түркология бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру.