«География және экология бойынша ғылыми-әдістемелік орталығы» 2004 жылы құрылды. Қазіргі кезде ғылыми-әдістемелік орталық «AbaiLABS» ғылыми-инновациялық паркінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«География және экология» бойынша ғылыми-әдістемелік орталығының» мақсаты - географиялық білімнің мазмұнын жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және тұрақты даму мақсатында география және экология ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелерін зерттеу болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- географиялық және экологиялық білім беруді, пәнаралық байланыстарды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау және оның мазмұнын жетілдіру, сондай-ақ, білім беру саласына инновациялық технологияларды және ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізу; - тұрақты даму мақсатында қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді зерттеу және табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар өткізу; - ғылыми жобаларды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және ғылыми жұмыстарды орындау бойынша кеңес беру; - білім беруді және ғылымды дамыту және оны қоғам арасында насихаттау және танымал ету мақсатында ғалымдардың, мамандардың және әдіскерлер мен педагогтардың диалог алаңын құру; - география және экология бағытындағы ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен және ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту; - жоғарғы және орта білім беру мекемелерінің педагог-мамандарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
География және экология бойынша ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен студенттерге және оқушыларға арналған оқулықтар, оқу құралдары, электрондық оқу құралдары, атластар әзірленеді. География пәні мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен біліктілікті арттыру курстары олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізуде.
|