Негізгі бет
Жаңалықтар
11.04.2023 «Қылмыстық және азаматтық заңнамаларға енген өзгерістердің өзектілігі» дөңгелек үстелі
Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасы «Сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен Заң клиникасының меңгерушісі Гүлжазира Мейірбекованың ұйымдастыруымен «Қылмыстық және азаматтық заңнамаларға енген өзгерістердің өзектілігі» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында студенттер заңнамаларға енгізілген өзгерістердің ерекшеліктері мен жетіспейтін тұстарын талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.
|