қазақша · русский · english
   
Габдуллина Асем Мустафаевна
Кадр саясаты басқармасының жетекшісі

Достық даңғылы, 13
 +7(727)-291-18-29
a.gabdullina@abaiuniversity.edu.kz


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кадр саясаты бөлімінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1. Басқарманың негізгі мақсаты - адам ресурстарын тиімді басқару, қызметкерлердің саны мен сапасының оңтайлы деңгейін ұстап тұру, заманауи технологияларды пайдалану, жұмыс тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерін үздіксіз жетілдіру.

2. Бөлімнің міндеттері:

1)тәжірибелі, жоғары білікті және ортақ стратегиялық мақсатқа жетуге мүдделі қызметкерлермен қамтамасыз ету;

2) кадрларды іріктеу және орналастыру;

3) кадрлық есепке алуды жүргізу;

4)қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеу және бағалау, қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін зерделеу;

5) кадрларды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды, қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу;

6) әрбір қызметкердің кәсіби дағдылары мен әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

7)педагогикалық қызметкерлердің еңбегін арттыру мақсатында тиімді мотивация жүйесін құру;

8) орындаушылық тәртіпті, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту;

9)қоғамда қызметкерлердің еңбек жағдайларымен барынша толық қанағаттануы үшін жағдайлар жасау;

10)ұжымда қолайлы микроклиматты құруға және сақтауға ықпал ететін іскерлік корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.