Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент / Жедел-пайдалану қызметі
Мақсаты - университеттің материалдық базасын дамыту, жаңғырту, сақтау және оны функционалдық қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер: - Қоғамның аудиториялары, кабинеттері мен қызметтері орналасқан ғимараттары мен үй-жайларында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қорғауды сақтау. - Қоғамның аудиториялары, кабинеттері мен қызметтері орналасқан ғимараттар мен үй-жайлардың санитарлық нормалары мен өртке қарсы қорғау нормаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және олардың тиісті жай-күйін қамтамасыз ету. - Қанағаттанарлық техникалық жай-күйді және қауіпсіз пайдалануды, жылу және желдету жабдықтары мен жүйелерін, сумен жабдықтауды, кәрізді және электр жабдықтарын қамтамасыз ету. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу. - Жабдықтардың, жарықтандырудың, желдету жүйелерінің, сумен жабдықтаудың және т.б. құрылғылардың жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру. - Шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. - Қоғамның қызметін қамтамасыз етудің барлық жабдықтары мен жүйелерін уақтылы тексеруді, сынауды, баптауды ұйымдастыру. - Қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету. - Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге бөлінетін қаражаттың ұтымды пайдаланылуын бақылау. - Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің технологиялық реттілігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. - Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының жай-күйін бақылауды, анықталған кемшіліктерді, өндірістік санитария қағидаларын бұзушылықтарды жоюды жүзеге асыру. - Қоғамның аумағын, ғимараттарын, құрылыстарын, мүлкін күзетуді, қоғам аумағында заңнамада белгіленген Құқықтық тәртіп нормаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде ҚР ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.
|