қазақша · русский · english
 
 
 
 Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлы
«Ұлттық тәрбие» орталығының жетекшісі
Философия ғылымдарының (PhD) докторы
Достық даңғылы, 13
 8-747-375-05-09
s.baha81@mail.ru

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Ұлттық тәрбие» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының балалары мен жастарына ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайту және дамыту мақсатында құрылған консультативтік-әдістемелік орган болып табылады.

 

Орталықтың негізгі мақсаттары:

- қоғамда өзін-өзі анықтауға қабілетті, ақпараттық қоғамдастыққа енуге дайын, негізгі құзыреттері қалыптасқан, тұрақты, физикалық және рухани сау, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін бірыңғай білім беру кеңістігін құру.

- балалар мен жасөспірімдерде өз мемлекетіне деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу мен оны қорғауға дайын болуды, оның тағдырына араласуды, оның жағдайы мен дамуына жауапкершілікті қалыптастыру.

- Қазақстан Республикасының балалары мен жастарына ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайту мен дамытуды ұйымдастыру;

- оқушыларға, студенттерге және магистранттарға ұлттық тәрбиелік сипаттағы іс-шараны өткізу бойынша жоғары білікті қызметтерді көрсету.


Орталықтың негізгі функциялары:

- балалар мен жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайтуға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: ғылыми-әдістемелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жұмыс кездесулері, ақпараттық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар;

- ұлттық-патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде консультациялар өткізу;

- университет сайтында және әлеуметтік желілерде орталық қызметін көрсету;

- Орталықтың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.


Орталық құрылымы:

- «Ұлы дала тұлғалары» секторы

- Оразалы Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебі секторы

- «Психологиялық қызмет» секторы