Негізгі бет
Жаңалықтар
04.04.2023 Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру
2023 жылғы 4 сәуірде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Ә. Сәбитқызы, А. Қуанышева, А. Бұхаев «Мектеппен байланыс» кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы №135 орта мектепте болды.
Кездесуге 11-ші сынып оқушылары (2-сынып), сынып жетекшісі, мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қатысты. Кездесу барысында оқушыларға 95 жылдық тарихы бар Абай атындағы ҚазҰПУ туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар биылдан бастап Тарих және құқық институтының «Философия» және «Дінтану» жаңа мамандықтарына құжат қабылдау жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, «Мәдениеттану», «Әлеуметтану», «Саясаттану» мамандықтары бойынша да ақпарат берілді. Жиналған қауымның назары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар университеті екендігіне аударылды.
Мектеп оқушылары Тарих және құқық институтының жаңа мамандықтарына үлкен қызығушылық танытып, ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.
|