Ғылым департаменті |
Жобалық кеңсе 2021 жылы құрылған «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Ғылым департаментінің құрылымдық бөлімшесі.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты Abai University 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасының «Abai University - педагогикалық зерттеу университеті» 2 Стратегиялық бағытын іске асыру. Жоғарыда көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер айқындалды: - Қазақстан Республикасы ҒЖБМ және басқа да ұйымдардың және бағдарлы-нысаналы қаржыландырылатын ғылыми жобалары, университеттің өз қаражаты есебінен ЖОО ішілік гранттар, келісім-шарттық жұмыстар, шетелдік серіктестермен бірлескен ғылыми зерттеулер аясындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша жұмыстардың мониторингі; - ҚР ҒЖБМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА, «ҰМҒТСО» АҚ тапсырысы бойынша басшылыққа арналған ғылыми зерттеулер бойынша жылдық есептерді, ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастыру және бақылау; - жобаларға талантты студенттерді, постдокторанттар мен профессор-зерттеушілерді кеңінен тарту есебінен ғылымның кадрлық әлеуетінің және ғылыми кадрлардың ұтқырлығының сапасын арттыру; - профессор-зерттеуші және постдокторлық бағдарлама стипендиаты лауазымдарына конкурстар өткізу; - Ғылыми-консультативтік кеңестің жұмысын үйлестіру.
|