қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Юсуп Айжан Нурашкызы

Юсуп Айжан Нурашкызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Юсуп Айжан Нурашкызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы осы институттың Филология факультетінің «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын қызыл дипломмен бітірген.

1994 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасы негізінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған.

2001-2004 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аспиранты.

2002-2009 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.

2012-2014 ж.ж. ҚазМемҚызПУ «6М011700- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранты.

2009-2014 ж.ж. Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

2017-2020 ж.ж. Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторанты.

2014 жылдан ҚазҰПУ Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистр, аға оқытушысы.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні 

ҚазМемҚызПИ

бакалавр

1994

ҚазМемҚызПИ

аспирант

2004

ҚазМемҚызПУ

магистр

2014

Абай атындағы ҚазҰПУ

докторант

2020

                                                                                                                                         

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогикалық ғылымдары магистрі

Қазақ тілі мен әдебиеті

2014

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы, Көркем мәтінге әдеби талдау әдістемесі, Әлем әдебиеті және оны оқыту.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Қызға қатысты тілдік бірліктердің этномәдени сипаты. Монография. «Мерей» баспасы: Алматы, 2015.-196 бет.; Концептінің құрылымындағы ой-бейнелер туралы түсінік. // «Кыргыз тили мен адабиати» журналы. №20.- Бичкек, 2011.; Kazak ve İngiliz Atasözlerindeki «Gerçek» ve «Yanlış» Ulusal-Kültürel Karakterinin Lexemeleri. //Turkey. BIR SES. Kultur, Sanat, Edebiyat Dergisi. Yui: 2 Sayi: 3/1 Ekim/2015. 3-9 б.).; Сельская тема в прозе Т.Нурмагамбетова. Телләргә өйрәтү методикасын камилләштерү: алдынгы тәҗрибә белән уртаклашу мәйданчыгы: VI Халыкара фәнни-методик онлайн семинар материаллары (Казан, 2022 елның 18 феврале). - Казань: Изд-во Казан. ун-та, 2022. -351-355 с.  Prerequisites for the formation of professional competence of a future specialist. Абай атындағы  ҚазҰПУ хабаршысы.  «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (78). - Алматы, Абай ат. ҚазҰПУ, 2023. - 154- 162 б.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

70-тен аса ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдардың, ЖОО мен орта мектеп білім алушыларына арналған оқулық, оқу құралдарының авторы. Байыркы түркі топонимдері. Оқу құралы. Каракол (Қырғызстан Республикасы), 2007.- 300-бет.; Қазақ тілі (оқушылар анықтамалығы. 1-4 орыс мект. сыныптары үшін).- Алматыкітап баспасы, 2015.-104-бет.; Қазақ тілі мен әдебиеті. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына арналған оқу-әдістемелік кешен: 6-сынып оқулығы, Мұғалім кітабы. «Көкжиек-Горизонт» баспасы: Алматы, 2015-2020.;  Сөздікпен жұмыс. Оқу құралы. Абай та. ҚазҰПУ, «Ұлағат»  баспасы. - Алматы, 2020.- 250-бет.; Қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-сыныбына арналған оқу-әдістемелік кешен: Электронды кітап. «Көкжиек-Горизонт» баспасы: Алматы, 2020.; Салғастырмалы лексикология. Оқу құралы. ҚазМемҚызПУ баспасы. - Алматы, 2023.- 223-бет.

 

МАРАПАТТАРЫ

2014 жылы ҚазмемҚызПУ Құрмет белгісі медалімен,  2021 жылы ғылымды дамыту мәселелерін БАҚ ең үздік жарияланым бойынша ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Ректорлар кеңесінің ІІІ -дәрежелі дипломымен, 2021, 2022 жылы Абай ат.ҚазҰПУ ректорының Алғыс хатымен  марапатталған.

 

 


← Кері оралу