қазақша · русский · english
 
 
 
 Құсайынов Есбулат Бектұрсынұлы
Тәуекелдерді бағалау бөлімінің бастығы

Достық даңғылы, 13
 +7(727)291-43-28
e.kussainov@abaiuniversity.edu.kz

 

Бөлімнің негізгі мақсаты - Қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару процесін енгізу бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру.

 

Бөлім міндеттері:

- қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін үйлестіру;

- ықтимал жағымсыз фактілердің алдын алуға немесе азайтуға бағытталған тәуекелдерді басқаруды енгізу және жетілдіру.

 

Негізгі мақсатты іске асыру және міндеттерге қол жеткізу үшін Бөлім келесі функцияларды орындайды:

- тәуекелдерді анықтау және бағалау бойынша мониторинг жүргізу, тәуекелдер тізілімі мен картасын, тәуекел көрсеткіштерін жасау, жылына екі рет тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмыстарды талдау және бақылау;

- іске асырылған тәуекелдер тізілімін жүргізу, тәуекелдерге елеулі әсер етуі мүмкін факторларды қадағалау;

- тәуекелдерді басқару саясатын жаңартуды қамтамасыз ету;

- Қоғамның тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және басқаруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді тиімді басқаруды ұйымдастыру;

- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін анықталған тәуекелдер туралы хабардар ету;

- тәуекелдерді басқару саясатының іске асырылуын бақылау және оны бұзу фактілері туралы Департамент директорын хабардар ету;

- тәуекелдер менеджменті мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету, тәуекелдер менеджменті бойынша қызметкерлердің құзыреттерін нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.