Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
20.03.2023 Аударматану оқулығының авторы - Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
Оқулықта аударматанудың негізгі ұғымдары алғаш рет жүйелі түрде берілген. Сонымен қатар елімізде және шет елдерде аударматану ғылымының даму кезеңдері мен зерттелу тарихына шолу жасалған. Теориялық материал үш тілде - қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мысалдар мен тапсырмалармен беріледі. Аударма терминдермен құрастырылған үш тілдегі глоссарийі бар.
Пікірталасқа ғалымдар мен қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Т.А. Кулгилдинова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының терминология бөлімінің меңгерушісі С.Н. Құлманов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасының профессоры Г.И.Кулдеева, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің заманауи тілдер және аударма кафедрасының меңгерушісі Г.К. Карбозова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аударма және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А.Х. Хайржанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары PhD Д.А. Карагойшиева мен PhD А.Е. Алпысбаева, Шәкәрім атындағы университетінің шет тілдері кафедрасының профессоры. PhD А.Ф. Аққалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің өкілдері: филология факультетінің деканы PhD А.А. Ақбулатов және қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі PhD И.С.Сұлтаниязова, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ілеспе аударма кафедрасының оқытушысы PhD А.А. Алдабергенова және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аударма бөлімінің студенттері мен магистранттары қатысты. Филология институтының директоры А.В.Таңжарыкова іс-шараның модераторы болды.
|