Негізгі бет
Жаңалықтар
15.03.2023 Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындардың өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді
2023 жылғы 14 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес «Төтенше жағдайлар кезінде халықты ұстау ережелері» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақты ұйымдастыру мен өткізуге институт директоры К.Д.Каймулдинова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б. Бакиров, профессор Б.Ш. Абдиманапов, азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімінің бастығы Е.С.Салтанов, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Р.Ш. Сейітов және психолог А.Ғ. Тәукел белсене қатысты.
Студенттер үлкен қызығушылықпен Алматы қаласында туындауы мүмкін төтенше жағдайлармен және осы жағдайда дене жарақаттары мен ағзаға психологиялық әсер ету қаупін азайту үшін дұрыс әрекет ету жолдарымен танысты.
|