|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы | |
| | Махмутов Серик Капанович «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тарих ғылымдарының кандидаты Қазыбек би көшесі, 30 291-64-97
|
2017 жылдың 30 қарашасынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен ҚазҰПУ-дың Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы құрылды. «Шапағат» орталығының негізгі міндеттері - білім алушыларға (бакалавр, магистр, докторанттарға) оқу-білім саласында, әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық, сауықтыру бағытында уақтылы «Бір терезе» принципінде көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру. «Шапағат» орталығының көрсететін қызмет түрлері: - диплом қосымшасының түпнұсқасын беру; - академиялық анықтамаларды беру; - студентке университетте білім алып жатыр деген сұраған мекемеге анықтама беру; - транскрипт беру; - транскрипт беру (ректордың қолымен); - институттарды студенттік билетпен қамтамасыз ету; - уақытша әскери есепке алу және әскери есептен шығару; - «Оңай» бағдарламасы бойынша студенттерді тіркеу.
Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00 дейін, 13.00-ден 14.00 дейін үзіліс.
«Шапағат» цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметі
|