27.02.2023
Студенттер арасында тоғызқұмалақтан жарыс
2023 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдық мерейтойына орай тоғызқұмалақтан білім алушылар арасында жарыс өткізілді. Аталған дәстүрлі ойын бойынша Жаратылыстану және география институтының командасы жүлделі II - орынға ие болды. Команда құрамы - Ерасыл Пернебаев, Бекжа Осан, Ақниет Бектұрғанова. Белсенді студенттерімізді құттықтаймыз және оларға өмірдің барлық салаларында жаңа жетістіктер тілейміз!
