қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2023

«Жан тазалығы» ой-толғау сабағы


2023 жылдың 21 ақпанында №33 мектеп-лицейдегі педагогикалық практиканың қортынды кезеңі ретінде «Мейірім» клубының рухани-адамгершілік бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның жетекшілігімен Педагогика және психология институты «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы бойынша 3 курс ерікті-студенттері Киякбай Н., Молдрахым И., Изимгалиева А., Култаева Ж., Мурзагалиева А., Карпыкова А 8 «Ә» сыныбының жеткіншек оқушылары арасында «Жан тазалығы» атты ой-толғау сабағы түрінде оқу-тәрбиелік (сыныптан-тыс) іс-шарасын өткізді.


Ой-толғау сабағы «Нұрға бөлену» жағымды көңіл-күйді қалыптастыру рухани-адамгершілік білім беру арқылы жасөспірімнің эмоцияларына, санасына, мінез-құлқына әсер ету әдістеріне негізделген. Сабақ аясында аудиовизуалды әдіспен презентация: слайд-фильмдер, «Мейірімділік, ақыл, тазалық, жан күші» атты аңызды әңгімелеу, музыкалық сүйемелдеумен әр түрлі өмірлік жағдайларды талқылау, «Мейірімділік-күн сияқты» сурет салу, «Мен-күнмін» (жақсы көңіл-күйдің рецептін жасау) жаттығуы, топтық ән айту және тағы басқа да шығармашылық сипаты бар тапсырмалар қолданылды. Презентацияның теория мен практиканың байланысы секілді дидактикалық принциптері балалардың санасына іс-әрекеттің қозғаушы күші болып табылатын адамгершілік туралы идеяларды жарқын түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Сабақ соңындағы рефлексия «Мен саған ризамын» жаттығуымен бірге жүрді, онда жасөспірім оқушылар бүкіл аудиторияны шынымен де тұтас қызықтыра алған, шын жүректен айтылған жылы сөздері үшін бір-біріне алғыс айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

«Мейірім» еріктілер клубы