Негізгі бет
Жаңалықтар
23.02.2023 Педагогика және психология институтытының жас зерттеушілері 4 «К» XXI ғасыр дағдыларын дамыту мәселесін талқылады
Кездесу барысында профессор 4«К»: критикалық талдау, креативтілік, коммуникация, коллаборация XXI ғасыр дағдыларын қарастырды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғылыми ұжымымымен әзірленген оқушылардың қабілеттерін дамыту және психологиялық диагностикалау бағдарламасы ұсынылды, ол өзіне El Úmiti IT платформасында 12-14 жастағы жасөспірімдердің кәсіби тұлғалық бейімділіктері мен қабілеттерін диагностикалаудың әдістері кешенін кіріктірді.
Кездесуге қатысушылар аталған кешендерге қызығушылық танытып, сұрақ жауап форматындағы әңгімелесуде өз ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында Институт директоры, доцент Г.А. Абаева Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы, ректор Д.Н.Биляловтың атынан Алғыс хат табыстады. Дәрісхана модераторы, Институттың ғылым жөніндегі директор орынбасары п.ғ.д.,профессор Абсатова М.А. кездесудің нәтижесін түйіндеп, онлайн дәрісхананың жұмысы жалғасатынын жеткізді.
|