қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2023

«Университет бюджетін жоспарлау және сатып алуды ұйымдастыру» семинары

 

2023 жылғы 9 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректоры Клара Исакова университет бюджетін қалыптастыруға және сатып алуды ұйымдастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлеріне «Университет бюджетін жоспарлау және сатып алуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.


Семинар барысында қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар сериясының бірін тыңдап, бюджетті жоспарлау принциптері мен алгоритмдерімен, бюджеттеуді жетілдіру тәртібімен, бюджеттеу процесінің алгоритмімен, ақылы қызметтерді тарту және бюджетті жоспарлаудың тиімді жолдарымен танысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың функционалдық қызметіне қатысты семинарлардың тақырыптары университет қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша құрылған.

 

  alt=  

 

  alt=