қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жаратылыстану және география институты ғылыми зерттеу бағыттарын жасыл экономика принциптері мен тұрақты даму мақсаттарында белгіленген мәселелер аясында дамытуда. Химия, биология, география және экология саласындағы іргелі зерттеулерді дамытудан бөлек, институт ғалымдары білім беру бағдарламалары мен тәжірибелерін тұрақты даму принциптері негізінде интеграциялауға негізделіп, оқыту әдістемесі бойынша инновациялық тәсілдер мен әдістемелерді зерттейді және әзірлейді.

 

Институттың негізгі ғылыми бағыттары:

- Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету;

- Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу;

- Қалалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- Климаттың өзгеруі мен оның салдарларына қарсы шараларды ұйымдастыру;

- Тұрақты экономикалық өсуге, толық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

- Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, шөлейттенуге, жердің тозуына қарсы күрес, биологиялық әртүрлілікті жоғалту үдерісін тоқтату мәселелері.

 

Қазіргі уақытта институтта 11 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты, 16 PhD докторы жұмыс жасайды.

 

Соңғы 3 жылда оқытушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 23 оқулық, 51 оқу, оқу-әдістемелік құрал, 8 монография қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындап шығарды. Соңғы 3 жылда импакт - факторлары бар журналдарда (Thomson Reuters, Scopus) 123 мақала, ҒЖБМ ұсынған журналдарда 143 мақала жарияланып шығарылды.

 

2020 жылдан бастап Жаратылыстану және география институтының ғалымдары Окаяма университетімен (Жапония) 1 Халықаралық жоба, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын 10 жоба және Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры қаржыландыратын 6 жоба бойынша жұмыс жасайды.

 

Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институты келесі ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жалғастыруда:

- Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы;
- Металлургия және байыту институты;
- Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;
- А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты;
- Жану проблемалары институты;
- «GreenTech» жасыл химиялық технологиялар институты;
- Ботаника және фитоинтродукция институты;
- География және су қауіпсіздігі институты;
- Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты;
- Зоология институты (ӨМК- ШЖҚ);
- «Қазгидромет» ӨМК;
- «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны және т. б.


Институтта бағыттар бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғау және тағайындау бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс істейді:

1. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
(6D011300 / 8D01513-Биология)

8D051-Биологиялық және сабақтас ғылымдар

(6D060700 / 8D05101-Биология)

2. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау
(6D011400 / 8D01515 - География)

8D052 - Қоршаған орта

(6D060900/8D05203 - География)

3. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
(6D011200 / 8D01510 - Химия)

 

Жаратылыстану және география иститутының ғылыми-зерттеу жобалары