«Экономикалық мамандықтар» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Сорбонна - Қазақстан институты / Кафедралар / «Экономикалық мамандықтар» кафедрасы / Халықаралық қызмет Экономикалық мамандықтар кафедрасының халықаралық ынтымақтастық бағыттары серіктес жоғары оқу орындарымен өзара іс - қимылды дамытуды (оның ішінде академиялық және ғылыми ынтымақтастықты), магистранттар үшін шетелдік ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды, кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми конференцияларға және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуын қамтиды.
2023 жылғы 4 қыркүйек пен 24 желтоқсан аралығында академиялық алмасу шеңберінде "6В04101-Экономика (қос дипломды)" ББ 3 курс студенттері Азиева Найра, Еркінбекова Әсем, Орманова Зарина, Ибрагимова Дильназ, Машеев Арнур Пуатье университетінде (Франция) оқыды. Оқу барысында студенттер келесідей курстарды оқыды: Économie du travail, Économétrie, Marché financier, Produits dérivés, Business steady (English), Économie international, Économie géographique, Économie de la santé, Microéconomie appliqué, Statistiques, Économie d`entreprise.
2023 жылдың 13-26 қазан аралығында кафедра магистранттары Стамбул университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
2023-2024 оқу жылы (бір семестр). 6В04101 "Экономика" мамандығының студенттері (қос дипломды) 3 курс, Франция Пуатье университеті
|