қазақша · русский · english
 
 
 
 Канабекова Меруерт Адильхановна
«Экономикалық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
Қазыбек би көшесі, 28
kma.2372@mail.ru

 

Сорбонна-Қазақстан институтының «Экономикалық мамандықтар» кафедрасының тарихы 1993 жылдан бастау алады. Кафедра бірнеше рет атаулы трансформациядан өтті және 2016 жылы экономикалық кафедраларды біріктіру есебінен атауын алды.

 

«Экономикалық мамандықтар» кафедрасы «6В041-Бизнес және басқару» (Экономика, Менеджмент, Қаржы, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кафедра бойынша білім беру бағдарламасының «6В04101 - Экономика» мамандығы бойынша бакалаврларды қос дипломды дайындау бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, Абай атындағы ҚазҰПУ Пуатье университетімен (Франция) бірлесіп жұмыс жасауда.

 

Кадрлық әлеует

 

Кафедра ұжымы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бүгінгі күні кафедраны э.ғ.к. Канабекова М.А. басқарады. Біздің кафедрада 2 экономика ғылымдарының докторы, 3 PhD докторы және 9 ғылым кандидаты қызмет атқарады, олар еліміздің зияткерлік және ғылыми әлеуетінің дамуына баға жетпес үлес қосуда.

 

Кафедраның бірқатар оқытушылары «Ы.Алтынсарин», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен Франция Елшісінің Алғыс хаттарымен, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті ұстаз»,ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хаты» және т.б. мадақтаулармен марапатталған.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс


Кафедра дайындаған мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғары білім сапасын бағалау агенттіктерінің аккредитациясынан өтіп, өз сапасын дәлелдеді.

 

ОП атауы

Үйлестіруші

Әзірлеушілер

6В04101-Экономика

Канабекова М.А.

Канабекова М.А., Азбергенова Р.Б.

6В04101-Экономика (қос дипломды)

Канабекова М.А.

Канабекова М.А.

6В04102-Менеджмент

Канабекова М.А.

Жолдасова Г.И.

6В04103-Есеп және аудит

Канабекова М.А.

Файзуллина С.А.

6В04104- Қаржы

Канабекова М.А.

Сапарбаева А.М.

6В04105-Мемлекеттік және жергілікті басқару

Канабекова М.А.

Курмантаева А.Ж.

6В04106-Маркетинг

Канабекова М.А.

Мелдебекова А.А.

7М04101-Экономика

Канабекова М.А.

Канабекова М.А., Азбергенова Р.Б.

7М04102-Менеджмент

Канабекова М.А.

Джубалиева З.У.

7М04103- Есеп және аудит

Канабекова М.А.

Джакишева У.К.

7М04104- Қаржы

Канабекова М.А.

Телагусова Э.О.

7М04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару

Канабекова М.А.

Исаева А.Т.

7М04106-Маркетинг

Канабекова М.А.

Джубалиева З.У.

8D04101-Экономика

Канабекова М.А.

Канабекова М.А., Азбергенова Р.Б.

 

Кафедрадағы оқу процесі отандық жоғары мектептің бай дәстүрлері мен озық шетелдік тәжірибенің органикалық үйлесімі негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде студенттер экономика, қаржы, есеп және басқару саласындағы әлемдік экономикалық ойдың жаңа жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Кафедрада әдістемелік семинар жұмыс істейді, оның координаторы э.ғ.к., аға оқытушы Телагусова Э.О. болып табылады. Әдістемелік семинар бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

 

Жұмыс берушілер мен түлектер «Экономикалық мамандықтар» кафедрасына ертеңгі күннің білім беру бағдарламаларын құруға көмектеседі.

 

Жаңа жағдайларда болашақ түлектің құзыреттіліктеріне нақты еңбек нарығы қажеттілігін дәл болжау жоғары оқу орындары үшін аса маңызды болып отыр.

 

Кафедра әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс - қимылды дәйекті түрде дамытады - олар бүгін өз қызметкерлеріне қандай білім мен дағды қажет екенін және ертең не қажет болатынын дәл біледі. Айта кетейік, жұмыс берушілер ғылыми ұйымдардың, бизнес құрылымдардың және билік органдарының өкілдері болып табылады.