қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.12.2022

Талапкер-2023: «Кәсіп - болашаққа бастар жол» онлайн конференциясы


«Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында Филология инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Ж.М.Елемесова, Г.К.Сатбай, А.М.Себдайырованың ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20-21 желтоқсан аралығында 11 сынып оқушылар арасында ZOOM платформасында онлайн-конференция өтті. Атырау облыстық Білім басқармасы Құрманғазы аудандық білім бөлімі «Ы Алтынсарин атындағы ЖОМ» КММ директоры А.Т.Каменова, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры А.Қ. Алданов және Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Телжан Шонанұлы атындағы ЖББОМ директоры В.М.Машина, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ директоры Р.Т.Шайқақов қатысты.


Аталған мектептердің 11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ жайлы жалпы мағлұматтар, сондай-ақ университет құрылымындағы Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді. Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қоңқабаева Н.Н., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ү.Абдыхалыков, доцент Е.М.Молдасанов, және аталған кафедраның аға оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева, К.Т.Дуйсенова, Э,Ж.Қансейітова қатысып, ақпараттар жан-жақты толықтай берілді.


Университеттің жоғары оқу орындары арасындағы әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларында қызығушылықтар тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, жатақхана мәселесі сияқты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.


Қазақстанның екі өңірінен қатысып отырған мекеме басшылары Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің жеткілікті екенін айтып, алынған ақпараттар басқа да орта мектептермен бөлісуге тұрарлық екенін түйіндеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=