Магистранттар шетелдік жоғары оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өтті
Педагогика және психология институтына қарасты «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Лунара Темирова мен Лаура Рамазанқызы 2022 жылғы 4-15 желтоқсан аралығында Турция мемлекетінің Ыстамбұл қаласының Gedik University-де 10 күндік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамадан өту барысында магистранттар «Педагогикалық білім беру» (B-Block) тақырыбындағы конференцияға, «Бала құқықтары туралы Заң» (балаға жыныстық зорлық-зомбылық және сот практикасы) сарапшылар тобының дәрісіне, «Психология» және «Әлеуметтену» курсына, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты оқу залдары мен кітапханаларда болып, мол тәжірибелер мен ақпараттар жинақтады. Ғылыми тағылымдама нәтижесінде магистранттар сертификат алды.


