Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
02.12.2022 «Мейірім» клубы өзін-өзі тану терапиясын өткізді
«Мейірім» клубының рухани-адамгершілік және әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс ерікті студенттері Н.Жұма, А.Мурзагалиева, Ұ.Енкебаева, Р.Еркинов Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған «Жүрек үні» өзін-өзі тану терапиясын өткізді.
Ерікті студенттердің әлеуметтік-терапевтік қызметі қатысушылардың өмірін одан әрі оңтайландыру мақсатында оның жасырын немесе іске асырылмаған мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауға ықпал ететін әлеуметтік дамытуға бағытталған.
Студенттер қатысушының жеке қызметі болып табылатын өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау бойынша өзін-өзі тану терапиясын қолданды. Ол үдеріс «Жағымды көңіл-күйге келу (жұлдызды аспанның шексіздігіне шоғырлану)», «Өзін-өзі тану жаттығуы», «Мен қандай адаммын?», «Өзіңді сурет бойынша таны!» тесті, «Күн шуағы» релаксациясы, топтық ән айту сияқты әдістерді қамтиды. Қолданылған әдістер жеке психологиялық «кедергілерді» анықтау, қажетті «Мен» бейнесін құру үшін қолданылды.
Қатысушылардың қорытынды ой толғау рефлексиясында мүмкіндігі шектеулі жандардың шиеленіс пен мазасыздық сезімін жеңілдету үдерісі жүрегінің түбінде қалған өз ойларымен бөлісу тәжірибесі арқылы ашылды.
02.12.2022 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|