UI GreenMetric Overallranking 2022 ҚазҰПУ-дың Тұрақты даму стратегиясын 738 орынмен бағалады
2022 жылғы 12 желтоқсанда UI GreenMetric Overall Rankings 2022 нәтижелері жарияланды, онда Абай атындағы ҚазҰПУ 80-нен астам елден әлемнің 1050 университеті арасында 738-орынды, ал 12 қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында 8-ші орынды иеленді.
Universitas Indonesia жүргізетін рейтингтің бірегейлігі оның экология және тұрақты даму мәселелеріне мамандануы болып табылады.
Рейтинг әдістемесі алты критерийді талдауға негізделген, олардың әрқайсысына бірнеше көрсеткіштер кіреді:
ЖОО-ның қоршаған ортасы мен инфрақұрылымы (салмақтық коэффициенті - 15%). Кампустың табиғи ортаға жалпы қатынасын сипаттайтын нақты «экологиялық» көрсеткіштер де (мысалы, орман түріндегі өсімдіктермен қамтылған кампус аумағының пайызы), сондай-ақ негізгі академиялық рейтингтерде кеңінен қолданылатын көрсеткіштер (студенттер саны, академиялық және әкімшілік персонал саны) кіреді.
Энергияны тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне әсері (21%). Энергияны үнемдейтін құрылғыларды пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, жылына жалпы электр энергиясын тұтыну (кВтсағ) және т.б. сияқты көрсеткіштерді қамтиды.
Қалдықтарды қайта өңдеу (18%). Бұған университеттің қалдықтарды қайта өңдеу мүмкіндіктерін бағалайтын көрсеткіштер кіреді (университет қалдықтарын кәдеге жарату бағдарламасы, улы қалдықтарды кәдеге жарату, кампуста қағаз бен пластикті пайдалануды азайту саясаты және т.б.).
Су ресурстарын ұтымды пайдалану (10%). Суды үнемдеу, қайта өңдеу және ағын су мен кәрізді пайдалану бағдарламасы.
Көлік саясаты (18%). ЖОО-ға тиесілі көлік құралдарының санын, университет аумағына күн сайын кіретін автокөліктердің санын, университет аумағында күн сайын болатын велосипедтердің санын, кампус аумағындағы тұрақ алаңын шектеуге немесе азайтуға бағытталған көлік саясатын және т. б. айқындайтын көрсеткіштер.
Білім беру және зерттеу (18%). Бұған экологиялық білімді құру және тарату саласындағы ЖОО-лардың қызметін бағалайтын көрсеткіштер (экологиялық мәселелер бойынша оқыту курстары, экологиялық мәселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу қорлары, экологиялық мәселелер бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің саны және т.б.) жатады.
UI GreenMetric рейтингіне қатысу университеттің жаһандық тренд болып табылатын тұрақты даму стратегиясына ұмтылысын растайды. Өткен жылмен салыстырғанда университет өз позициясын 79 пунктке жоғалтты. Бұл, ең алдымен, толыққанды қатысу үшін тұрақты даму саласында кемінде екі стартаптың болуы қажет екендігіне байланысты. ТДМ саласындағы стартап-жобалардың болмауы рейтингтегі қорытынды позицияға әсер етті. Университетті халықаралық рейтингте тиімді ілгерілету үшін барлық оқу институттар, әсіресе жаратылыстану-ғылыми бағыттағы институты тарапынан ақпаратты өңдеу мен жинақтау кезінде жалпылық жұмылдыру және корпоративтік қолдау қажет.