Кәсіптік бейімдеу жұмыстары
Оңтүстік Қазақстан облысы 18.04 - 23.04 .2016 ж
Жамбыл облысы 25.04 - 29.04 .2016 ж Алматы облысы: 04.04-08.04 2016 жыл аралығындағы кәсіби бағдар жұмысы
«ТАЛАПКЕР-2013» Құқық және экономика институтында университеттің кешенді жоспарына сәйкес 2013 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында 2013-2014 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жоспарын жүзеге асыру мақсатында институт директорының басшылығымен Алматы қаласындағы жалпы орта білім беретін мектеп, лицей және гимназия оқушыларына арналған «ТАЛАПКЕР-2013» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне 500-ге тарта оқушылар қатысты. Оқушылар өздерін бастап келген сынып жетекшілерімен бірге салтанатты түрде тіркеуге алынғаннан кейін институт ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған көрмеде институт ғалымдарының кітаптарымен, ғылыми-әдістемелік еңбектерімен танысты. Институт профессор-оқытушыларының еңбектерімен танысқаннан кейін фойесінде орнатылған теледидар арқылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қысқаша тарихы мен өмірінен мәлімет алды. Сосын оқу ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған Сот мәжіліс залымен, Криминалистикалық полигонмен, компьютер кластарымен, лингофон кабинеттерімен, заңгер-ғалым, академик Ғ.Сапарғалиев атындағы кабинет-музейі, жеткілікті оқулықтар қорымен қамтамасыз етілген оқу залы бар кітапхана, интерактивтік тақталармен жабдықталған дәрісханалармен және студенттік асханамен танысты. Кездесу барысында институт басшысы з.ғ.д., доцент Т.Т.Балашов болашақ талапкерлерге институттың қысқаша тарихы мен алдағы уақыттағы стратегиялық жоспарын бағамдай отырып, 2013-2014 оқу жылында қабылданған студенттердің әлеуметтік жағдайлары (толық және жартылай жетім, көпбалалы отбасыдан шыққан, алыс облыстардан келген) ескерілу арқылы олардың оқу төлемақысына жеңілдіктер берілетіндігіне және жатақханамен қамтамасыз етілетіндігіне, сондай-ақ ер балалардың әскери кафедрада оқуына мүмкіндігі бар екендігіне ерекше тоқталды. Оқушылар ұжым басшысына өздерін көптен қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды. Сонымен қатар, кафедра меңгерушілері институтта дайындалатын 5В030100-«Құқықтану; 5В050900-«Қаржы»; 5В050800-«Есеп және аудит»; 5В050700-«Менеджмент»; 5В051100-«Маркетинг» мамандықтарының артықшылықтары мен қоғамдық сұраныстарға ие басымдықтары туралы мағлұматтар берді. Кездесу соңында болашақ талапкерлер институттың Студенттік өзін-өзі басқару құрамының ұйымдастыруымен қойылған «Студенттік өмірдің ғажайып сәттері» атты бейнекөрінісін тамашалады. Оқушыларға буклеттер мен институт ғалымдарының еңбектері таратылды.
|